Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Науқастың өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Науқас Ұлттық госпитальде емделіп жатыр, - деп жазылған Ұлттық госпитальдің Tengrinews.kz-ке берген жауабында.
Мекеме "Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 273-бабына сәйкес диагнозға, денсаулыққа қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, кеше Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады.