02.09.2025
14:42
791
Сапасыз тауарларға шағымданған азаматтарға сыйақы беріледі

Сапасыз тауарларға шағымданған азаматтарға сыйақы беріледі

Өзбекстанда сапасыз және қауіпті тауарларды анықтауға көмектескен азаматтарды ынталандыру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Podrobno.uz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлады.

Қазіргі уақытта «Нарықтық қадағалау туралы» заң жобасы қоғамдық талқылауға түскен. Құжатқа сәйкес, ел үкіметіне төрт ай ішінде құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарды материалдық тұрғыда марапаттау тәртібін бекіту тапсырылған.

Заң жобасында сыйақы төлеу ғана емес, сондай-ақ сапасыз тауардан зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібі де қарастырылған.

  • Егер адам сапасыз тауардың кесірінен көз жұмса – толық материалдық шығын көлемінде;
  • Мүгедектікке шалдықса – кемінде жартылай;
  • Басқа денсаулыққа зиян келсе – кемінде бестен бір бөлігін өтеу қарастырылған.

Тауарлардың қауіпсіздігін бақылау сараптамалар, шағымдарды талдау және өнімнің стандарттарға сәйкестігін тексеру арқылы жүргізіледі.

Құжатты талқылау 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Егер заң қабылданса, жаңа ережелер келесі жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді.