Сапасыз интернет үшін кінәлілер жауапқа тартылды

14 Ақпан, 11:16 512

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: