Sapar мобильді қосымшасы іске қосылды

17 Наурыз 2023, 19:16 927

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.

Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың ағымдағы жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар. Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық өзекті ақпарат жиналды. Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар, - делінген ақпаратта.

ҚазАвтоЖолдың колл-орталығын жылдам теру функциялары, сондай-ақ байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

EL.KZ
Бөлісу: