10.05.2023
20:03
1592
Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

48 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жапонияның боксшысы Кадзума Аратакені жекпе-жекте нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Есеп төрешілердің шешімімен – 5:0 болды.

Енді А рингінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.