05.07.2025
16:01
7395
Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалына шықты

Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Жартылай финалда Санжар Тәшкенбай Әзірбайжан өкілі Субхан Мамедовқа қарсы айқасты.

Тартысқа толы жекпе-жектің нәтижесінде Санжар Тәшкенбай төрешілердің бірауызды шешімімен ақтық сынға жолдама алды.