Саңырауқұлақ теруге шыққан жас әйелге шұғыл көмек қажет болды

Саңырауқұлақ теруге шыққан жас әйелге шұғыл көмек қажет болды

Қарағанды облысында саңырауқұлақ теруге шыққан жас келіншекке шұғыл көмек қажет болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға Қарқаралы ауданындағы ұлттық парк аумағында болған.

Белгілі болғандай, 20 жасар келіншек саңырауқұлақ жинау кезінде аяғынан жарақат алып, өздігінен қозғала алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шегушіні медициналық зембілге салып, жедел жәрдем бригадасына табыстады.