Саңырауқұлақ пен жидек терген қарапайым халық салық төлей ме? Министр жауап берді

20 Сәуір 2023, 15:19 1408

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақтар мен жидек тергендерге салынатын салыққа қатысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр мұндай алымды өнімді пайда табу мақсатында жинайтындар төлейді.

Мұндай салық бұған дейін де болған. Бұрын бұл заң ерекше қорғалатын аймақтар, саябақтар мен қорықтарға ғана таралса, қазір барлық жерге қатысты болады. Бұл – бір. Екіншіден, әңгіме қарапайым азаматтар жайлы емес. Яғни сіз бен біз туралы емес. Дәрі-дәрмек дайындап немесе өзге де коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлер жайлы, - деді Жамаубаев.  

Тілшілер министрден «жаздыгүні жидек теріп, оны сататын көпбалалы отбасылар салық төлей ме?» деп сұрады.

Жоқ, оларға салық салынбайды, - деп жауап қатты ол.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Қазақстанда саңырауқұлақ пен жидек жинауға қатысты салық салынады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: