27.12.2022
16:36
1398
Санкт-Петербургтегі музейде жеті мемлекетінің басшысы кездесті

Санкт-Петербургтегі музейде жеті мемлекетінің басшысы кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді.Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.