Санат Кушкумбаев: ҰҚШҰ ортақ келісімді шешуге мүдделі ұйым

16 Мамыр 2022, 21:29 1867

Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл толуына орай ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында кездесуі өтті. 

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының орынбасары Санат мырзаның сөзінше әлемде орын алып отырған әртүрлі халықаралық қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жағдайларға байланысты ұйымның сессияларына баса көңіл аударылуда. Сондықтан Орта Азия үшін мемлекеттері ғана емес, барлық дүниежүзі елдері өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу керектігін атап өтті. 

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ҰҚШҰ-ға мүше болудағы басты мақсат- еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу керектігі жайында тоқталды. Себебі ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сырттан келетін қауіп қатерден қорғану үшін нақты жұмыстар атқарып жатыр,- деді өз сөзінде.

Санат Кушкумбаевтың сөзінше мұндай іс-шара айтулы күнде ғана тойланбауы керек.. Себебі қазіргі әлемде болып жатқан геосаяси қақтығыстар бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау керектігін тағы бір мәрте еске салғандай болды. Қазіргі таңда Ауғанстанда болып жатқан жағдай мәз емес, әлемдік инфляция, азық-түлік мәселесі, экономикалық дағдарыс мұның барлығы айналып келгенде әлемдік жағдайды ушықтырып отыр. Сондықтан бұл жерде біз өз тарапымыздан ұжымдық қауіпсіздігімізді одан әрі арттыруымыз қажет”- деді сарапшы Санат Кушкумбаев.

Еске салайық, 15 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.

Аяулым Қанағат
Бөлісу: