«Самұрық-Қазына» Qazaq Air компаниясын сатылымға шығарды

18 Тамыз 2023, 10:32 1141

«Самұрық-Қазына» Qazaq Air компаниясын жекешелендіруге қойды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жекешелендіру екі сатылы конкурспен өткізіледі. Өтініш 2023 жылдың 28 қыркүйегіне дейін қабылданады, - деп хабарлайды Qazaq Air баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы үкімет бекіткен жоспарға сәйкес 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіруге жатады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: