Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды

19 Қыркүйек 2023, 18:23 804

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Ведомствоның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбіштің жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартқаны туралы жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: