Самара – Шымкент тасжолында жол апатынан екі адам көз жұмды

10 Тамыз, 22:11 509

Ақтөбе облысының Хромтау ауданы маңында жол апаты болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Самара – Шымкент тасжолының Хромтау ауданы маңында Lada Largus пен Volvo соқтығысып, салдарынан Lada Largus жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін бақилық болған. Қалған жарақаты бар үш науқас Хромтау ауруханасына жеткізілді.

Олар тексерілгеннен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді, екеуі тексеруден бас тартты, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Зарина Арман
Бөлісу: