Салықтар мен төлемдердің төрт түрін төртінші деңгейлі бюджетке беру қарастырылуда

14 Наурыз 2023, 14:32 1089

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік ҚР Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын әзірледі. Ол елдегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізі болуға тиіс, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Экономика вице-министрінің айтуынша аталған заң жобасы төмендегі мәселелерді қарастырады:

«Бүгінгі таңда заң жобасы Парламенттің қарауында. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімде жергілікті өзін-өзі басқару органы кеңес органын құру ұсынылып отыр. Кеңес қызметін әкім аппараты қамтамасыз ететін болады», деді Бауыржан Омарбеков.

Сонымен қатар  ол кеңестің жеке дара аппараты болмайтындығын айтты. Ал кеңес төрағасы мен кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлану және осы лауазымды тұрақты бір азамат атқарып отырады.

 Экономика вице-министрі жоғарыда аталған органды жергілікті жерде жұмыс істеп отырған қоғамдық кеңестермен шатастырмау қажеттігін мәлімдеді.

«Қоғамдық кеңестің жұмысы бір басқа, біз ұсынып отырған кеңестің нақты міндеті бар. Заң жобасы аясында бюджеттің төртінші деңгейдің қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда. Олар облыс мәслихаты ауылдар арасында бөлінетін заңды тұлғалармен мен дара кәсіпкерлердің 50%, жекелеген қызмет түрлері үшін лицензиялық алымдар, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар пайдалану үшін төлемақы, жерүсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем түрлерін төртінші деңгейге дейін төмендету күтілуде. Бұл төртінші деңгей көлемін төрт есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», деді спикер.

Осыған дейін «Ауыл –  ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген едік.

Осыған дейін Экономика вице-министрі «Дипломмен ауылға» жобасына бюджеттен 20 миллиард  теңге қарастырылатынын мәлімдеді.

Ауылдық аймақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылады. Осы негізде ауылдарды толығымен сумен жабдықтау қызметтері қамтамасыз етіледі.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: