Салықшы салық декларациясын тапсырғандардың атына несие рәсімдеген

11 Наурыз, 11:58 976

Салық декларациясын тапсырғандардың атына жасырын түрде шағын несиелер рәсімдеген мемлекеттік қызметкер анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақыған. Одан соң жеке және биометриялық деректерін өзінің телефонына түсіріп, онлайн түрінде олардың атынан микро-несиелер рәсімдеп отырған. Ал ақшаны өз шотына аударып келген

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: