Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан жаңа Салық кодексінің жобасы Парламентке қашан енгізілетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасын жан-жақты пысықтап, сапалы дайындау үшін 1,5 жыл уақыт керек екенін айтты.