Салтанат Нүкенованың құрметіне арналған қорды тіркеуге бесінші рет рұқсат берілмеді

14 Тамыз, 17:15 697

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсететін қорды тіркете алмай жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Қорды тіркеуден бесінші рет бас тартып отыр. Жарлықтағы «Қордың мақсаттарына сәйкес келетін және қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері» деген №9 тармағы қорды тіркеуге қандай кедергісін келтіріп отырғанын түсінбей-ақ қойдым. Бүгін осы тармақты алып тастап, алтыншы рет өтініш бердім. Енді 5 күн жауабын күту керек, - деп жазды ол.

Еске салайық, марқұм Салтанат Нүкенова өзінің азаматтық некедегі жолдасы Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: