13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысынан кейін аталған сот процесінің аяқталуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
Судья Айжан Құлбаева алқабилерге айыпталушылардың кінәсі бойынша қойылатын сұрақтарды оқыды. Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі бап бойынша 10 сұрақ дайындалған.