Салтанат Нүкенованың мәйітіне жасалған сот-медициналық сараптама қорытындысы қашан шығады?

16 Қараша 2023, 13:13 2650

Жақындары аса қатыгездікпен жасалған қылмыс екенін айтқан Салтанат Нүкенованың мәйітіне сот-медициналық сараптама жасалды ма? Оның қорытындысы қашан шығады? Осы сұрақтарға ішкі істер министрінің орынбасары Қанат Қожаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр орынбасарының сөзінше, Салтанат Нүкенованың мәйіті жерленгенге дейін барлық қажетті биометриялық материалдар сараптама үшін алынған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бір ай көлемінде шығатын болады, - деді ол.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың інісі әпкесінің өліміне қатысты «аса қатігездікпен жасалған қылмыс» деп әлеуметтік желіде жазба жариялаған болатын. Ол тарап жатқан ақпараттарға сүйеніп, қылмыс толық ашылмай қала ма деп қорқатынын, қажет болса, мәйіттің суреттерін жариялайтынын мәлімдеген еді.

Оның сау-тамтығы қалмаған. Бізде мәйіттің суреттері де бар. Егер көрсеңіз, өте қатыгездікпен жасалған қылмыс екеніне күмәнданбас та едіңіз, - делінген жазбада.

Көз жұмған құрбанның інісі жазбада зорлық-зомбылықты ақтауға тырыспауды және әділ тергеуді сұраған.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: