Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың үстінен тағы да арыз жазды

27 Тамыз, 14:50 1308

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын өндіріп алу және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдары Жоғарғы cоттың сайтындағы сот кеңсесінде пайда болды. Азаматтық талап арызында Айтбек Амангелді сотталушыдан материалдық шығынды өндіруді және моральдық шығынды өтеуді сұрайтыны жазылған. Нақты сома көрсетілмеген.

Сонымен қатар ол ата-анасын іске үшінші тұлға ретінде тарту бойынша сотқа арызданған. Талап арызды Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Жұмаев қарайды.

Сот отырысы 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-ге тағайындалды.

Айта кетейік, марқұм Салтанат Нүкенова өзінің азаматтық некедегі жолдасы Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: