Салтанат Нүкенова көз жұмған мекеме өкілдері мәлімдеме жасады

17 Қараша 2023, 15:11 3440

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстарына Гастроцентр орталығы көңіл айтты. Қазір "ВАU" мейрамханасымен жалға беру шарты бұзылып, тергеу жұмыстарына көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті қазақстандықтар! Болған оқиға бізді қатты күйзеліске ұшыратты. Дегенмен, Гастроцентр басшылығы мен қызметкерлері тергеу жұмыстарына көмектесу үшін бар күш-жігерін салады. Біз қоғамның наразылығын толық қолдаймыз: зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды.
Жағдайға байланысты бірқатар шешімдер қабылдадық, – делінген Гастроцентр хабарламасында. 

"BAU" мейрамханасы Гастроцентрде орынды жалға алған. Енді мейрамханамен жасалған шарт бұзылатыны белгілі болды.

Ортақ құрылтайшылардың бірауыздан шешімімен "ВАU" мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды. Гастроцентрге жаңа директор тағайындалды. "Гастроцентрді" қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіледі: қауіпсіздік қызметін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде, – делінген ақпаратта.

Гастроцентр сөз соңына қазір қауіпсіздік бағытында жұмыстардың жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: