«Салтанат дәретханада бетімен құлады»: Бишімбаев оқиға қалай болғанын айтты

3 Сәуір, 12:06 1981

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушы Салтанат Нүкенованың қалай жарақат алғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 қараша күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова концертке барып, соңы дауға ұласқан. Өзара ұрыстан соң ресторанға барып, ішімдік ішіп, бір-бірімен сөйлесуді жалғастырған. Айыпталушы сол түні болған оқиғаларды баяндап жатыр.

Ол (Салтанат Нүкенова) ашу үстінде шешініп тастамақ болды. Шалбарын шешкісі келген тұста мен оны ұстап қалдым. Кейін оны жібергенде шалбарын шешім, дәретхана ішінде қабырғаға соғылып, ет бетімен унитазға құлады. 10 секунд бойы унитаздың жанында көзін ашып жатты. Кейін жайлап тұра бастады, бірақ мен көмектеспедім. Кейін мен унитазда неке жүзігі мен сағат жатқанын көрдім. Оған жүзік пен сағатты ал дегенімде ол тұрып, өзінің денесін көтере алмай, тағы да еденге құлады. Кейін мен көмектесіп, ол қабырғаға сүйеніп, орнынан тұрды. Осы кезде беті тілініп кеткен болды. Мен "Бәрі жақсы ма?" деп сұрадым. Ол жауап бермеді. Мен оны жайына қалдырып, өзім шығып кеттім. Құрылыс жасап жүргендерден оттық сұрадым, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Кейін дәретханада құлағанынан бөлек ресторан ішінде де бірнеше рет құлап қалғанын айтты.

Мен қайта кабинкаға оралғанда Салтанат дәретханада отырды. Мен эмоциямды шығару үшін столдарды теуіп, айқайлай бастадым. Біз жарты сағат бойы бөлек бөлмелерде отырдық. Мен "Салта, сен салқын жерде отырсың ба?" деп сұрап, оны көтергенімде ол қарсыласа бастады. Көтере бергенімде іш киімін жыртып алдым. Кейін өзі тұра алмаған соң қолын иығыма қойып, ішінен көтеріп, "диванға барып жатасың", - деп айттым. Сосын ол тағы да құлап кетті. Мен оның мас екенін немесе денесін көтере алмай жатқанын еш түсінбедім. Үстінде ешқандай киім болмады, үстінің бәрі жараланған еді. Өзімен өзі тұрып келе жатқанда мен оны жібере салдым. Сол кезде бірнеше қадам басқан соң тағы да жерге құлады. Сосын тағы жүрген соң бетімен жерге құлады. Мен одан "Жедел-жәрдем шақырайын ба?", - деп сұрадым. Ол үнсіз ғана менің тіземде жатты. Бір сәтте тағы да есін жиып, орнынан тұрып, диванға барып, жатты. Мен ойнап тұрған шығар деп ойладым, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: