«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласына жетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласына жетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Атырау облысының Құлсары қаласына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласында 26-28 мамыр аралығында аялдап, тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-18.00, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00.