Салафизмді жақтаған Екібастұздық тұрғын бұрынғы әйелін қорлаған

6 Ақпан 2023, 11:13 809

Екібастұздық тұрғын бұрынғы әйелін қорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.

29 қаңтар күні Екібастұз қаласының полициясына әйел адам көмекке жүгінген. Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы тұрғын бұрынғы жұбайына жанжал шығарғанын анықтап, қорғау ұйғарымын шығарған.

Алайда 29 қаңтарда 47 жастағы ер адам сауда үйлерінің бірінде бұрынғы жұбайына нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан.

Осылайша қорғау ұйғарымын бұзған. Айта кету керек, ер адам деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы.

EL.KZ
Бөлісу: