08.05.2025
18:16
1441
Сәкен Майғазиевтің анасы президенттен марапат алды

Сәкен Майғазиевтің анасы президенттен марапат алды

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекова Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Анашым Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды! Аналарымыздың жымиғанын, қуанғанын көру қандай бақыт!, – деп жазды әнші.