Сәкен Бибосынов жартылай финалға шыға алмады

6 Желтоқсан, 14:54 582

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: