Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

3 Наурыз, 19:38 640

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан басталған әлемдік лицензиялық Сәкен Бибосынов жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәкен Бибосынов әлемдік лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Гонконг елінің өкілі Каннет Хин Чун Таммен кездесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек барысында жерлесіміз қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Енді Сәкен келесі кезеңде кениялық Каранджа Давид Мачариамен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан боксшыларының еншісінде бүгінде Париж Олимпиадасының екі лицензиясы бар. Оларды ерлерден аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова жеңіп алған.

Перизат Саденова
Бөлісу: