Париж Олимпиадасында боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы айналымды жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәкен Бибосынов 51 кг келіде түркиялық қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты. Төреішлердің бағалауын бойынша қорытынды есеп 5:0.
Отандасымыз келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.
Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).