06.12.2025
21:40
458
Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионатында қазақстандық атақты боксшы Сәкен Бибосынов рингке шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін былғары қолғап шебері Ботсвана спортшысы Катлего Кеорапецені айқын басымдықпен жеңді.

Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Бибосынов бұл салмақтағы басты фавориттердің бірі саналады. Дубайдағы додаға да ол чемпиондық атақ үшін келгені анық. Алғашқы жекпе-жекте Сәкен басталған сәттен-ақ қарқынын үдетіп, айқасты толық бақылауда ұстады және жеңіске жетті.

Бұған дейін Сабыржан Аққалықов алғашқы айқасында басым түскен. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.