10.09.2025
20:26
1006
Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын аяқтады

Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын аяқтады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді.

Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Төрешілердің шешімі бойынша Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) жеңді.

Еске салсақ, бұған дейін әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшы Нұрбек Оралбай да өзбекстандық спортшыға есе жіберіп, жарыс жолын аяқтаған болатын.