27.07.2024
05:31
1226
Садақ атудан Қазақстан спортшыларының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды

Садақ атудан Қазақстан спортшыларының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды

Садақ атудан Қазақстан командасы Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинады. 26 шілдеде спортшылардың келесі кезеңдегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Іріктеу айналымынан соң садақ атудан Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр. 

Садақ  ату, 1/32 айналым: 

Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)

Александр Еременко - Аддис Баптиста (Франция)

Дәулеткелді Жаңбырбай - Хорхе Энрикс (Колумбия)

Еске сала кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінген.