01.08.2024
23:00
1341
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарын аяқтады

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарын аяқтады

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы ойындарын аяқтады. Мергендердің соңғы болып Александр Еременко өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшы 1/32 финалда франциялық Баптист Аддиспен кездесті.

Кездесуде қарсылас мергенші 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Ильфат Абдуллин мен Дәулеткелді Жаңбырбай жарыстан шығып қалған болатын.