Садақ атудан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Садақ атудан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық мергендер анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әлем біріншілігінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

Классикалық садақ

Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Иван Берча

Әйелдер: Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Землянова

Блоктық садақ

Ерлер: Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса

Әйелдер: Әдель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова

Айта кетейік, әлем чемпионаты 5-12 қыркүйек аралығында өтеді.