09.12.2025
00:39
535
Сабыржан Аққалықов ширек финалға өтті

Сабыржан Аққалықов ширек финалға өтті

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабыржан 1/8 финалда Жаңа Зеландия боксшысы Тавхириматеа Тохерири-Халлетпен кездесті. Үш раунд бойы толық басымдық танытқан қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, 2021 жылғы жастар арасында әлем чемпионы атанған Сабыржан Аққалықов ширек финалға жолдама алды. Ал оның қарсыласы турнирді осы кезеңде аяқтады.

Айта кетейік, Аққалықов өзінің алғашқы жекпе-жегінде-ақ жарқырап көзге түсіп, Сейшель аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузенді екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады.