Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

28 Маусым, 00:52 422

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалда Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді. 

Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. 

Перизат Саденова
Бөлісу: