«Sabaq.online» платформасының ерекшелігі неде?

26 Қараша 2021, 13:45 6471

 

 

Онлайн оқыту қарапайым тілмен айтқанда интернет пен компьютерді пайдалана отырып қашықтықтан оқыту әдісі. Бұл әдеттегі офлайн сабақтарға қосымша ретінде ұсынылады. Бірақ шын мәнінде электронды білім қаншалықты тиімді? Барлығына бірдей жарамды ма? Бұл мақалада біз осы және басқа да сұрақтарға жауап беруге тырысып көрейік. Алғашында офлайн білім беру орталығы болып ашылғанымен кейін онлайн жүйеге ауысқан «Sabaq.online» платформасының негізін қалаушы Бөгенбай Таласұлымен сұқбаттасқан едік.

 

 


– Сабақ онлайн платформасы 2020 жылдың қаңтар айында құрылды,- дейді Бөгенбай Таласұлы. – Білім беру саласына қатысты тың жоба болғандықтан, бастапқыда қалай дамытсақ деген ой болды. Әуелі Нұр - Сұлтан қаласында офлайн білім беру орталығы ретінде ашылдық. Пандемия жағдайына байланысты аталған орталықты жауып, толық онлайн жүйеге көштік. Еліміз бойынша жүзге жуық кеңсе ашсақ па деген арманымыз болған. Әсіресе аудандарда білім беру орталықтарын ашуды көздегенбіз. Серіктесімнің ауылынан білім беру кешенін ашамыз ба деген идея болған еді. Бірақ сапалы кадрлардың тапшылығы мәселесін ескере келе, үлкен шаһарлардан бастауды жөн санадық. Елорда – мегаполис қала. Сапалы мамандар да көп. Ал, аудандарда білікті мамандар жетіспеушілігі байқалады. Қазіргі кезде қай қалада болмасын оқу орталықтары көбейді. Бір ғана Нұр - Сұлтан қаласында 400- ге жуық білім орталығы жұмыс істейді екен. Әрі елордалық оқушылар мықты білім ордаларында оқиды. Көпшілік ата-ана қалаған қосымшаға жіберуге мүмкіндігі бар. Ал ауылдағы балаларда ондай мүмкіндік жоқ. Сол себепті осындай идея келген болатын.

 

Бөгенбай Таласұлы, білім беру платформасы "Sabaq.online" атауы мен мақсатына тоқталып өтті.

 

– Ең біріншіден қарапайымдылық. Сабақ онлайн форматта оқытылады. ҰБТ немесе 140 балл деген бір бағытта ғана шектеліп қалмауды жөн санадық. Бала оған дейін оқып дайындалу керек. Біздің білім орталығында тек қана мектеп пәндері оқытылмайды. Сонымен қатар ораторлық шеберлік, ментальді арифметика бойынша курстарға қатыса алады. Ал, ауылдағы бала ораторлық шеберлік дегенді естімеген де болуы мүмкін. Біздің мақсатымыз тепе-теңдікті ұстап отыру,- дейді Бөгенбай мырза.

 

Білім орталықтары баланың таным көкжиегін кеңейтіп, жан-жақты болуына ықпалын тигізеді. «Sabaq.online» платформасының миссиясы: «Үздік методиканы оқушыларға қолжетімді ету. Мұғалімнің ресурсын көбейту. Мықты менеджердің қызметі минимиалды ресурстан жоғары нәтиже көрсете білу. Бізде мұғалімдердің минималды белсенді ресурсын максималды түрде қолданамыз деп айтуға болады»,- дейді платформаның негізін қалаушы Бөгенбай Таласұлы.

 

– Платформаны кімдер тегін пайдалана алады? Әлде бұл бір реттік жеңілдік пе? Қандай мүмкіншіліктер қарастырылған?

 

– Алғашқы кіріспе сабақтардың барлығы тегін. Бір баланы ҰБТ-ға дайындауға 500-600 мыңға жуық қаражат кетеді. Бізде 1 жылдық оқу 108 мың теңге. Жағдайға қарап АӘК көмектер тағайындалған балалар бар. Осы жылы 15 милионға жуық соманы АӘК алатын балаларға бөліп отырмыз. 200-ге жуық бала тегін білім алып жатыр,- дейді кейіпкеріміз.

 

 

 

«Sabaq.online» платформасының басқа білім беру орталықтарынан артықшылығы:

 

 

 

– Біз бұл платформаны ашпас бұрын ұзақ зерттеу жұмыстарын жүргіздік. «Баланы оқытудың тиімді әдістері қандай?», «Қандай білім маңызды?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Бұл білім беру жүйесін Америкаға барып жүзеге асырсақ, платформа жұмыс жасамайды. Себебі ол жердегі менталитет басқа. Шетелде балалар уақыттарын тек білім алуға жұмсайды. Оларды ата-анасы үй шаруасы секілді тірліктеріне араластырмайды. Олар оқуға арналған уақытты тиімді пайдаланып, тек сол бағытта жұмсайды . Ал бізде жағдай қалай? Кешкі 19:00 тікелей эфир арқылы өткізетін сабаққа 1000 бала жазылған болса, барлығы бірдей қатыса алмайды. Себебі бірінің үйіне қонақ келіп қатыса алмаса, екіншісі үй шаруасын атқарады. Ауылдағы бала барлық тірлікті бітіріп, кешкі 23.00 ден кейін босайды. Бұл жерде тікелей эфирмен сабақ беру жұмыс жасамайды. Сол үшін онлайн білім беру тиімді болып табылады. Бәрін бүге - шүгесіне дейін ойластыра келе, 3 кезеңді оқыту жүйесі құрастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

1кезеңде білім алушы видео сабақ көреді.

 

 

 

 

 

 

 

2 кезең тапсырмаларды орындап жібереді.

 

 

 

 

 

 

 

3 кезеңінде егер тапсырмада қате кететін жағдайда, сабақты көріп, орындағаннан кейін видео талқылау болады. Мұғалім алдын-ала талқылау жасап қояды. Мысалы түңгі 2 де сабақ оқып отырған оқушы шығарған 15 есептің 3-і қате болып шығуы мүмкін. Сол кезде видео талқылау көмекке келеді. Балалардың 98%-ы сол видеодан жауабын табады.Сонымен қатар аптасына 1 рет тікелей эфир өткіземіз. Бір аптаға қорытынды жасап, түсінбеген сұрақтар бойынша талқылауға саламыз.

 

 

 

 

 

 

 

Ақы төлеп оқығаннан кейін нәтижелі жұмыс көрсеткің келеді. Методикасы жақсы маман – сапалы білім бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

– Біздегі методика жақсы. Мұғалімдер өте мықты деп айтуға болады. Әр мұғалімнің ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесі бар. Жаңартылған бағдарлама бойынша онлайн білім беруге алып келеміз,- дейді Бөгенбай мырза.

 

 

 

 

 

 

 

Камера алдында өзінді еркін ұстап, ойыңды жеткізе білу өнер. Бұл қазіргі таңда мұғалімдерге де артық етпейтін дүние. Себебі онлайн платформалардың арқасында білімді онлайн беретін мамандар сұранысқа ие.

 

 

 

 

 

 

 

– Мұғалімдерге жарнама жібереміз қай жерде мықты мұғалімдер бар екенін анықтаймыз. Білім беретін оқытушымен смарфтон арқылы сұқбат өткіземіз. Барлығын шақырамыз. Келген мұғалім камера алдында 2,3 сабағын өткізеді. Оқытушының подачасы, қызықты етіп жеткізуі, камера алдындағы харизмасына аса мән береміз. Кейбір мықты маман камерадан қысылып жеткізе алмайтын жағдайлар да кездеседі. Бұл жерде ұстаздың мықтылығы балаға ешқандай көмек бере алмайды. Мысалы мен облыстық дарын мектебінде білім алдым. Өзіме сабақ берген білікті ұстаздар аталмыш орталықта қызмет жасаса деген арманым болды. Себебі онда мықты мұғалімдер жұмыс жасайды. Шақырып та көрдік, бірақ камераның алдына келгенде бар білімдерін көрсете алмай қалған жағдайлар болды. Бұл өкінішті жағдай әрине.

 

 

 

«Аталмыш платформаға Қазақстанның қай елді мекенінен көп қатысып жатыр?», «Ауылдық жерден қосылатындар бар ма?», «Интернет пен проблема бар ма?» деген сауалдарымызға Бөгенбай келесідей жауап қатты.

 

«Негізі қаладан қарағанда, ауылдан жазылған оқушылар көп. Себебі қалада білім алуға жақсы жағдай жасалған. Ауылдағы оқушыларға онлайн платформа керемет мүмкіндік. Интернет мәселесін әркім әртүрлі шешеді. Ауылда түңгі 00:00 ден кейін интернеттің жылдамдығы жақсы. Басым көпшілігі түнде оқиды. Бұл шешілетін мәселе»,- дейді кейіпкеріміз әңгімесін сабақтап.

 

«Sabaq.online» платформасы қазіргі таңда Қазақстанның әр өңірінде өзінің бөлімшелерін ашты. Тіпті бір қалада бірнеше серіктестері жұмыс істеп жатқан көрінеді.

 

 

– Еліміздің әр аймақ аудандарында 50-ге жуық серіктестеріміз бар. Бізде жалпы онлайн деген ұғымға халық сенімсіздікпен қарайды. Ата-аналармен көзбе-көз байланыс жасау керек. Көршілес тұрған Ресейде бұл жағдай жақсы дамыған. Ақпаратпен танысып, онлайн төлем жасап ала береді. Оларға хабарласып түсіндірудің қажеті жоқ. Халықтың сауаттылығы артты. Бізде сенімсіздік көп. Ата-аналарда алдап кете ме деген қорқыныш жоғары тұрады. Ол кісілерді де түсінуге болатын шығар,- дейді Бөгенбай Таласұлы.

 

«Sabaq.online» білім беру орталығында 400 адам жұмыс жасайды. Нұр -Сұлтан қаласы кеңсесінде 30- ға жуық қызметкер бар. Орталық жыл сайын жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бөгенбай Таласұлының айтуынша, 2021 жылдан бастап орталық екі тілде жұмыс жасауды қолға алған. Орыс тілінен 13 ке жуық ҰБТ-ы курсы қосылыпты. Сонымен қатар былтырғы жылмен салыстырғанда биыл білім алушылардың саны да 2 есеге өскен. Бөгенбай Таласұлының пікірінше, онлайн білімнің пайдасы көп. Белгілі бір ақпаратты жіберіп алатын болса, қайтып қарап сол жерден жалғастыруға мүмкіндік бар. Офлайнның бір минусы бала 5 минут сабағына зер салмаса, 5 минутты қайта қайтару мүмкіндігі жоқ. Мұғалімге қайтадан қайталап түсіндір деп айта алмайды.

 

 

Аяулым Қанағат
Бөлісу: