С. Мәуленовтың «Жұлдыз» журналындағы редакторлық қызметі

22 Қыркүйек 2017, 15:53 6852

Парасатты басшы, қиялы қанатты ақын, қаламы ұшқыр журналист

Ең бастысы – «Қазақ әдебиеті» газеті Сырбай Мәуленов жетекшілік еткен жылдарда қазақ халқының теңдік, тәуелсіздік жолындағы күресінің биік туына айналғаны – ұлттық сананы оятудағы орасан зор игі ықпал әсері. Мәселен, 1955-1957 жылдардағы ана тілі абыройын көтеру жолындағы күресі үшін бас редактордан бастап, қаншама газет қызметкерлері, авторлары таяқ жеп, қуғынға ұшырады. Қит етсе ұлтшыл атанды...

С.Мәуленовтің редактор ретінде тындырған еңбегі мол. Мәселен, таралымы аз, бір кезде жабылып, кейін қайта ашылған «Қазақ әдебиеті» газетінің жұртшылыққа кеңінен таралуы газет бетінде көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді дер кезінде көтерілуіне, жарияланымдардың сауаттылығы мен біліктілігіне, өткірлігіне, редактордың алғырлығы мен ұйымдастырушылық-іскерлік қабілетіне, өз ісіне адал, зор жауапкершілікпен қарай білуіне байланысты. Көптің көкейінде жүрген мәселелерді көтергені үшін «ұлтышыл» деген айып тағылып, «Қазақ «әдебиетіндегі» қызметінен, академик А.Сахаров идеяларын қолдағаны үшін «Жұлдыз» журналынан кетуге мәжбүр болса да, адалдықтың ақ жолынан таймағандықтан, өз замандастарының құрметіне бөленді. Осындай жауапты қызметтерді жүргенде, С. Мәуленов парасатты басшы, қиялы қанатты ақын, қаламы ұшқыр, дарынды журналист, тамаша аудармашы, талғампаз сыншы, адам жанын ұға білген сезімтал қаламгер ретінде анық танылды.

Редактор батыл болса, ол басқарған басылым да батыл. С.Мәуленов жан-жақты редактор болғанын жоғарыда келтірілген мысалдардан байқап алу қиын емес.

С.Мәуленов тарихи тұлғаларға тиісті бағасын беруді парызым деп санаған. Сондықтан да, өзінің басына қауіп төнетініне қарамасан ақиқатты ашып жаза білген. Жазғандарын жарыққа шығармайынша тынбаған. Баты қадам жасаудан тартынбаған. Осы айтылғандарға, тағы бір жарқын дәлел – «Тұтқын зары» мақаласында көрініс тапқан:

«Жұлдыз» журналының бірінші санында кішкене кіріспе сөзбен мәжит Айтбаевтың тұтқында жүргенде жазған бір топ өлеңі жарияланды. Кіріспе сөзде оның соғыстан бұрынғы өмірі творчествосы жайында жөнді мағлұмат жоқтығы айтылған.Оны соғыстан бұрын жақсы білетін маған журнал сөзі түрткі болды да, ойға баттым».

Бұл жерде біз С.Мәуленовтың тарапынан тағы бір батыл қадамды байқаймыз. Автор журналда жазуға тиіс, бірақ жазылмаған жайларды тексеріп, таразылап қайта жарыққа шығарған.

«Мәжит Айтбаевтың өзі Жазушылаар Одағының өкілі бола тұрса да, Қазақстан жазушыларының екінші сьезіне делегаттыққа  сайланбай қалады. Мәжит Айтбаев соған ерегіскендей қаламды қарыштата сілтеді. Облыстық «Ленин жолы» газетінде», «Әдебите және өнер» журналында, жас ақындардың жалпы жинағында оның өлеңдері үздіксіз жарияланды. «Болат құюшының жыры», «Қарлығаштың қанатындай қара қасың керілген» деп келетін өлеідері әдеби журналда жарық көрді . «Шаңқай бойын шарпып майдан, қызып жатқан кез еді. Сол майданда суша сырғып ақты қанның өзені» деп келетін оның өлең жолдарын оқушы қауым жылы қабылдады. «Ленин жолы» газетінде оның «Толқын жыры» деген ұзақ поэмасы шықты. Оның кіріспесінің үзінділері менің ойымда осы күнге дейін сайрап тұр.

С. Мәуленовтің аңғарымпаздығы нағыз журналиске тән қасиеттердің бірегейі. Олқылықтардың орнын толтырып, жыртықты жамап, салқалы ой айту тек шебер пубцистің қолынан келері сөзсіз.Тақырын, «Тұтқын зары» деп алу себебіне мән берсек, үлкен сыр шертеді. Өмір бойы шындықты жазып, бабаларының мұрасын насихаттағын үшін «ұлтшылдардың шәкірті, ескіні көкседі» деген айыппен қудаланған  Мәжит Айтбаевтың тауқіметін көз алдыңа әкеледі. Мәжит Айтбаев соғысқа дейін де Кеңес үкісетінен қорлық көріп, соғыс басталғанда алғашқылардың бірі болып қолына қару алып, жорыққан аттанған батыл жауангер. Өкінішке орай, жау тылына тұтқын болып, қалған өмірін қапаста өткізген екен. Бұл турасында Сырбай Мәуленов:

«Мен тағы да Мәжит туралы ойлаймын. Оның арманда кеткен, қапаста өткен қайғылы өмірі мені қатты толғантады. Мәжиттің соғыстан бұрынғы, соғыста тұтқынға түскен кезінде жазған өлең-поэмаларын жинаса үлкен бір том болар еді. Тіпті тұтқында жүргенді жазған өлеңдерінде Совет өкіметіне қарсы айтыған бір сөз кездеспейді. Тек елін, жерін сағынған, еңіреген ердің жан айқайы, арман аңсары аңғарылады. Халқымыздың Абылайда қаҺармандардың айбынды аруағын ардақ тұтып, егіле жырға қосатыны көрініп тұрады. Әрбір өлеңнің күңіренген күйзелістен, толағай толғаныстан, туған елінен ұзап кеткендегі сағыныштан туғаны байқалады».

Көркемөнерсіз, әдебиетсіз ешбір елдің көсегесі көгерген емес. Әсіресе, руханият тек үздіксіз ізденіс үстінде ғана шексіз кемеледне бермкші. Ұлтымыздың ақыл ойын жан-жақты байытуға күш салған, халқымыздың көкірек көзін ашудың ықтимал жолын, айқын бағытын іздеп өткен рухани мехнаткерлер А.Бйтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатов, Ш.Құдайбердұлы, Ж.Аймауытов, М.Сералин, Х.Досмұхамбетов, С.Торайғыров, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы т.б кезінде «Дала уәлаятының газеті», «Тұрмыс», «Серке», «Қазақ», «Яш Түркістан», «Айқап», «Садақ», «Абай», «Ақжол», «Сана», «Шолпан», «Таң» т.б газет-журналдар шығарып, ұлтымыздың басқалармен ой жарыстыруға, бой таластыруға 1922 жылы Ташкентте әдеби «Шолпан» журналы, 1925 жылы Семейда «Таң» журналы шығып тұрды. «Шолпан» - Мағжанның, «Таң» - М.Әуезов пен Ж. Аймауытовтың ұйымдастыруымен, басшылығымен жарық көрген еді. Қазірге әдеби-әлеуметтік «Жұлдыз» журналы міне, осы екі «Шолпан мен Таң» журналдарының ізбасары, мұрагері болып есептеледі. Журнал ең алдымен «Жаңа әдебиет» (1928-19320), одан кейінгі жылдарда «Әдебиет майданы» (1932-38), «Әдебиет және искусство»(1939-41), «Майдан» (1944-45) қайтадан «Әдебиет және искусство» (1945-56) деп аталды. Журнал 1957 жылдың басынан бері «Жұлдыз» деген атқа ие болды. Осы журналды (1988-2006) 18 жыл басқарған Мұхтар Мағауиннің сөзімен айтсақ: «Бүгінгі «Жұлдыз» – кешегі «Шолпан» ғана емес, ол – Айқап, ол – «Абай», ол – «Темірқазық», ол – Ахаңның (Байтұрсыновтың) арманы,   Мағжанның мұңы, Сұлтанмахмұттың зары, Әлиханның ақыл–саясаты, Мұхтардың дарын-парасаты. Бүгінгі «Жұлдыз» - Алаш жұртының сан ғасырлық даналығвн өз бойына жинақтаған, таза ұттық журнал. Жиырма бірініші ғасырға тиесілі тәуелсіз жаңа қазақ әдебиетінің бас ордасы, құтты ошағы – бүгінгі «Жұлдыз!»

Осы жылдар  ішінде «Жұлдыздың» бетінде әлемдік классика жауһарлары, 2000 жылдық тарихы бар көне түрік және бүгінгі түркі тілдес әдебиеттердің озық үлгілерімен қатар қазіргі қазақ әдебиеті классиктерінің мыңдаған шығармалары жарық көрді.  Журналдың қалыптасуына қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, Қ.ЖансүгіровМ.ӘуезовС.Мұқанов көп еңбек сіңірді. Алғашқы редакторы – С.Сейфуллин. Журналға Ғ.Мүсірепов, З.Қабдолов, Ә.Нұрпейісов, С.Мәуленов, Ш.Мұртаза, Б.Тілегенов, М.Мағауин әр жылдары бас редактор болды. Журналдың “проза”, “поэзия”, “Ислам тағылымы”, “әдеби мұра”, “зерде”, “әдебиеттану”, т.б. бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар жарияланады. Қазақстан суретшілерінің шеберханасынан алынған суреттер жеке беттерде беріліп отырады. Құрылтайшысы: “Қазақ газеттері” жабық акционерлік қоғамы. Айына бір рет шығады. Көлемі 10 баспа табақ, таралымы 4120 дана.

С.Мәуленов «Жұлдыз» журналының 40 жылдық мерекесіне орай жазған «Әдебиет айнасы» мақаласында басылымның сын бөлімі жөнінде осылайша сыр толғапты:

«Сын саласында қате-кемшілік кетсе, күтерің алақан емес, шапалақ болады. Журнал – жұмысының таразысы – сын мақалалар. Журнал әдеби сынның барынша әділ, барынша өткір болуын ойлады. Талғампаз да талапшыл оқушыларымыз журнал бетіндегі қазіргі сын мақалаларда бұрынғы бір кездегідей субъектизм мен нигилистік әуен жоқ екенін анық байқайтын сияқты. Біреуді құтыра мақтайтын, біреуді тұқтырта даттайтын сыннан да, әйтеуір, бір көркемдік шарттары, шеберлік тәсілдері туралы жалпылама абстракциядан да журнал бетіарылып келе жатыр десек, артық айтқан болмаспыз».

Бұл мақала 1968 жылы жазылған, ол кезде С.Мәуленов «Жұлдыз» журналының редакторы болаын. Редактор – ұйымдастырушы, дирижер. Журналдың қалай шығуы, бөлімдердің жұмысы, сындағы әділдігіне байланысты. Редактор Сырбай да, сыншы Сырбай да сол әділдігі мен батылдығынан тайған жоқ.

Сырбай Мәуленов біраз жылдар «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетіне кезек редактор болып жүрді. 1960 жылдардың ортасы еді. Сырағаң Қазақстан жазушылар Одағы Партия ұйымының хатшысы болатын. Бір күні КПСС Орталық Комитетіне Ғабиден Мұстафиннің үстінен «Ғабиден арақ пен темекіні орыстар үйретті» деп айты деп біреу арыз жазыпты. Комиссия құрылды.Мәселе арнайы қаралды. Сонда Сырағаң:

«Ғабиденнің айтқан сөзі олай емес. Ғабиден «озық ойы орыстың талантты ұлдары бізге әдебиеті мен мәдениетін әкелсе, отаршыл әкімдер арағы мен темекісін әкелді, деді. – Ал отарлау патша заманы екенін ұмытпаған абзал» – деп жауап берді.

«Жұлдызға» редактор болып жүрген кезінде мынадай оқиға болған:

Хамза Есенжановтың көп томдық «Ақжайық» романының ішінде Сәкеннің аштықты өз көзімен көруге аттанғалы жатқаны жайлы бір эпизод бар. Ол «Үлкен даланың үлкен ақыны үлкен жолға шықты», - деп басталатын. Соны «нар тәуекел» деп журналға жариялап жіберді. Кейін Хамза Есенжанов Сырбайға талай алғысын айтты.

Сырбай Мәуленов «Жұлдыз» журналының редакторы болып жүрген кезінде қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевқа да қамқорлық жасаған еді.

«..Бір күні Мұқағаи Мақатаев келді де, қолыма бір парақ қағаз тастап, үндемей шығып кетті. Қағазды қолыма алдым да оқи бастадым:

Сыраға! Сізге несін айтам, бар жағдай өзіңізге белгілі. Қиыншылық дегенні, бала-шаға дегеннің не екенін сіз білесіз. Менің қазір көрген күнім – панасыздың ісі... Үзілер шегіме жеттім. Сыраға, қанатыңыздың астына алыңыз. Істеген жақсылығыңыз өмір болса, менен я бізідң үйдегі кішкентайларыңыздан қайтар. Сізді ұятқа қалдырмаспыз, алды-артымды біліп қалған жанмын ғой. Секретарыңызға, сіздің атыңызға хат қалдырғам. Сабырхан кетіпті сіздерден...

Зор құрметпен Мұқағали. 15 август 1965 жыл».

Аяп кеттім. Жазушылар одағының төменгі қабатында жүр екен, шақыртып алдым. Қызметке орналасты...».

Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакторының бұрынғы орынбасары, зейнеткер С.Бүркітбаев «Сырекеңмен сырлас болдым» деген естелігінде С.Мәуленовпен қалай танысқанын, алғаш газетке орналасуына көмектескенін айта келіп, былайша сыр шертеді:

«Сырекең жас журналистердің пірі болды. Ол кісімен емін-еркін» сөйлесетінбіз. Менен небәрі бір-ақ жас үлкен болса да оны жігіт ағасы деп санап, керемет сыйлайтынмын. Әрбір әңгіме-дүкеннен сабақ алып шыққандай болатынмын...Мен Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлин секілді алыптар құрған «Ауыл» газетінің қасиетті шаңырағында Сырбай деген ақынмен бірге қызметтес, жолдас, серіктес болған жылдарымды мақтан ете аламын. Сырекеңнің журналистігі, ақындығы, оның шығармашылық шеберлігі талай қаламгерлер үшін үлгі-өнеге болды, солай болып қала береді»,- дейді.

Сондай-ақ Сырбай Мәуленов Кеңшілік Мырзабековтей дарында жастың қолтығынан демеген бірден-бір жанашыр жан:

«... Кеңшілікке Торғайдан да орын бұйыра қоймады, - деп жазады ақын Серік Тұрғынбеков  республикалық «Ақжелкен» журналында басылған «Біз үшеу едік» деген естелігінде . – Сөйтіп жүргенде өзіміздің Сырағаң,Сырбай Мәуленов Қостанайдағы облыстық газеттің бас редакторы Бақытжан Жангисинге хат ұсынып, Кеңшілікті қызметке алдырды».

С.Мәуленовтің аға-ініге қамқор, жанашыр жан екенін дәлелдейтін естеліктер мен жүрекжарды лебіздер өте көп. Мәселен, ақын Тұманбай Молдағалиев те Сырбайға арнап «Естен кетпес еңселім, көп іздеймін мен сені» деген өлең жолдарын арнап, былай дейді: «Ол Қасымды ұстаз аға тұтса, біз оның өзін өмірімізге үлгі, өлеңімізге дем берер басшымыздай көрдік, алдын кесіп өткен емеспіз. Түйемізден жүк ауса, Сырбайды іздеп табушы едік. Біреуден жәбір көрсек, тағы да Сырағама барып шағынушы едік. Қанатымның қатаюына, өнерімнің өркен жаюына көмектескен аз ғананың ішінде бар еді ғой Сырағам. Бетімді қағып көрген жоқ. Еркелігімді көтерді...».

Ақын Сағын Жиенбаев та Сырбай туралы мынадай әдемі естелік қалдырған:

«... Алматым мен күткендей болмады... Қайтып та кеткім келді. «Ақын болам деп кетіп еді, пақыр болып қайтты ғой» дейтін жұр табасына қалам ба деп намысиандым.. Не керек, көп «жортуылдың» бірінде, құдай мен Сырағаңа жолықтырды... «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы. «Қазақ әдебиетінің» дүрілдеп тұрған кезі. Қазақ баласына оның әр сөзі – құран сөзіндей, қолдан қолға тимеді. Кеше ғана әркімнің есігін сығалап жүрген мен – бір-ақ күнде газеттің білдей қызметкері болып шыға келдім... Ол кезде Сырағаңды сағалайтындар көп еді, кең құшақтан маған да орын табылды...».

Ақын К.Салықов «Әмбеге Қамқор жан еді» мақаласын С.Мәуленовтің қамқорлығын айта келіп: «Ағадан ұлағат алып, қамқоршылық деген тамаша мінезін өз қолымнан келгенін жалғастырып ұмытпадым. Маған да алғыс айтқан ағаларым, қарындастарым, інілерім жоқ емес. Сыраға, сіз бердіңіз сол мінезді. Тіршіліктегі алыс-берістің үлкені осы шығар. Алпыстың асқарына шыққанда айтарым: аға буын, әрқашан Сырағаңдай кейінгіге қамқор болайық», - дейді.

Белгілі сатирик ақын Сейіт Кенжеахметов «Ақжайлау» естелігінде: «Бір күні Сырағаң маған «өлеңді қалай жазасың?» деп тосын сұрақ қойып қалды. Ұлы ақынға «өлеңді былай жазамын» деу күпірлік емес пе, жауап таба алмай қалдым. Бұған жауапты өзі берді:

Есіңде болсын, өлең жазғанда «өзімнен асар ақын жоқ» дегенді есіңнен шығармай отырып жазатын бол...»

Осы сияқты Ш.Мұртазаның «Волховта болдым, орманын көрдім», Ғ.Жұмабаевтың «Жаны жомарт, жалынды жазушы», С. Асановтың «Қамқор болған әкедей», С.Баймолдиннің «Асқар таудар Сыр-ағам – аруақты бір ағам», С.Қалиевтің «Қастерлі тұлға», Қуандық Мәшһүр Жүсіптің «С.Мәуленов» деп аталатын естеліктерінде де Сырбай – ақынның, Сырбай – редактордың, Сырбай – публицистің, Сырбай – сыншының қамқор жүрегі, табанды мінезі жайында айтылады.

Сырбай Мәуленов редактор болған кездегі басылым өмірдің барлық салаларын қамтыған және тың тақырыпқа материалдар жинатып, оның ең үздік дегенін газетке жариялап отырған. Сонымен қатар «Қазақ әдебиеті» газеті әдеи сын мақалаларға, әдебиеттің түр, шеберлік мәселелеріне көңіл бөліп, қазақ әдебитінің көптеген проблемалық мәселелерін күн тәртібіне қойып, дұрыс шешімін тауып отырған. «Жұлдыз» журналында да редактор болып қымет атқарғанда талай қаламгерлер үшін үлгі-өнеге болды. Көмек сұрап кеген әріптестерінің ешқайсының бетін қайтарып, қолынан қаққан емес. Біз оны Сырбай Мәуленов  туралы жазылған естеліктерден көреміз.

Тұмар Асыл
Бөлісу: