СҚО ҚХА «Этно Style» ұлттық костюмдердің мега фото-челленджін ұйымдастырды

16 Қаңтар 2020, 18:00 3520

Ұлттық костюм – жәй әдемі бейнелер, көйлектер мен бас киімдер ғана емес. Ұлттық костюм – адам жанының әшекейі. Өйткені костюм мәдениетті, тұрмыс пен өмір салтының ерекшеліктерін, дәстүрлерді ұстануды білдіреді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы 2020 жылды «Этно Style» мега-қызық фото-челленджімен ашты.


Қатысушылардың басты міндеті әлеуметтік желілерде екі фотосуреттен тұратын коллажды (коллаждың бір жағында адам күнделікті өмірде киетін киімінде, екінші жағында өз этносының ұлттық киімінде) жариялау болып табылады.


Міндетті түрде @ank_sko белгілеп, #этноstylesko хэштегін қою керек. Бұл челленджде өткізу мерзімі мен шекара жоқ. Оған барлық тілек білдірушілер қатыса алады.


Челленджге Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары қатысып үлгерген.


Қатысушылардың 50-ден астам жарқын фотосуреттері Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ресми бетінде, әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Олардың ішінде қазақ, орыс, украин, белорус, поляк, неміс, татар және т. б. ұлттық костюмдер ұсынылған.


Қатысушылардың жасы әртүрлі екенің айта кету керек: ең үлкен қатысушы - 62 жаста, ең кіші қатысушы 1 жаста ғана.

Бөлісу: