СҚО-да бір ауылға карантин орнады

3 Шілде 2022, 04:40 1160

Солтүстік Қазақстан облысында бір ауылда бруцеллезге байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды EL.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез жұқтыруына байланысты шектеу шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген нормативтік-құқықтық актілер сайтындағы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі әкімінің қолы қойылған құжатта.

Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасы карантин уақытша және міндетті шара екенін атап өтті.

Бұл шаралардың мақсаты – адамдардың, басқа жануарлардың жұқтыруына, жайылымдар мен су қоймаларына түсуіне жол бермеу. Жоспарлы зерттеулер кезеңінде 17 ірі қара малдан бруцеллез анықталуы шектеу шараларын енгізуге негіз болды. Аталған шара 2015 жылғы 29 маусымдағы 7-1/587 ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 1100 - тармағында көзделген, - деп түсіндірді ведомство.

Шектеу кезеңінде ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезден сауықтыруға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық және арнайы іс-шаралар жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер кезінде екі рет теріс нәтиже шықса, карантин алынып тасталады.

EL.KZ
Бөлісу: