СҚО-да «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды

29 Шілде 2022, 03:27 1709

Анықталғандай, 2019-2022 жылдар аралығында халықтың қаражатын тарта отырып «HERMES LTD» жобалары бойынша қаржы пирамидасы құрылған.

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды El.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

– ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады, - делінген ұсынылған мәліметте.

Анықталғандай, 2019-2022 жылдар аралығында халықтың қаражатын тарта отырып «HERMES LTD» жобалары бойынша қаржы пирамидасы құрылған. Қызметі – қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту болған.

– Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде үш адам танылды. Олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді агенттіктен.

Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасына қатысты арыз-шағымды ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарлауға болатынын айтады.

Бөлісу: