09.10.2025
15:43
436
Рыбакина WTA турнирінің 1/8 финалына өтті

Рыбакина WTA турнирінің 1/8 финалына өтті

Теннис Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.

Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда Елена Рыбакина Чехия теннисшісі Линда Носковамен кездеседі.