22.07.2025
11:41
2067
Рыбакина Вашингтондағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Рыбакина Вашингтондағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Вашингтондағы (АҚШ) ATP 500 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз жұптық сында Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен бірге өнер көрсетуде.

Рыбакина/Радукану ширек финалға шығу үшін словакиялық Тереза Михаликова және ұлыбританиялық Оливия Николласпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде Рыбакина/Радукану жұбы 2:6, 7:6(4), 11:9 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.