22.09.2024
23:29
842
Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты

Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Отандасымыз арқасынан алған жарақатына байланысты Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық теннисшінің қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту жариялады. WTA 1000 - China Open турнирі 25 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады.

Былтыр Елена Рыбакина бұл турнирде жартылай финалға дейін жеткен. Енді сол жылы алған ұпайын қорғай алмайды. Тиісінше, 390 ұпайынан айырылады.