26.09.2025
21:41
387
Рыбакина Қытайдағы ірі турнирді жеңіспен бастады

Рыбакина Қытайдағы ірі турнирді жеңіспен бастады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастады.

Оның алғашқы қарсыласы АҚШ өкілі Кэти Макнелли болды. Матч 7:5, 4:6, 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Келесі айналымда Рыбакина Германия спортшысы Ева Лиспен кездеседі.