Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирді жалғастырудан бас тартты

9 Наурыз, 10:13 665

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан «Мастерс» турнирін жалғастыра алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған теннисшінің денсаулығына байланысты қабылданған шешім.

Денсаулығыма байланысты Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмаймын. Атағымды қорғағым келген, бірақ жағдай осылай болып тұр. Мені қолдауға келген барша жанкүйерге алғысым шексіз, - деді  Рыбакина.

Ол қалпына келген соң міндетті түрде кортқа оралатынын айтты.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина екінші айналымда аргентиналық Надия Подорошкомен ойнауы керек еді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: