Русофобиялық көзқарастан арылу қажет

23 Тамыз 2023, 16:19 1015

Русофобия мәселесі елімізде белең алып барады деген байбалам салушылар саны күн санап өсіп келеді. Әсіресе әлеуметтік желілерде орыс тілді азаматтарға шық қысым көрсету, қызмет көрсету орындарында мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етушілер көбейіп келеді. Ресеймен Украина арасындағы соғыс пен батыстың Ресейге қатысты ақпараттық соғыстарының ызғары бізге де келіп жеткені сөзсіз.

Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бір жылда бес мыңнан астам орыс ұлтының өкілдері Ресейге және басқа елдерге көшіп кеткен.

Алайда, жоғарыда айталғандардың еш негізсіз екенін биылғы жылы балаларын орыс тілді мектептерге берушілерді саны күр асып 30 мыңға жеткенін айта кету керек.

 Әрине әлемді жаулаған ақпараттық кеңстіктегі соғыстың әр адамның жүйексіне әсер етіп, Ресейді және оның халқын жексұрын етіп көрсету саясаты басты бағытқа айналғанын білеміз.

Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің сапарын Иран баспасөз құралдары сан-саққа жүгіртіп, «Қазақстанды Ресеймен саяси, экономикалық одақтастықтан бас тартуға көндіру үшін келді» деген сыңайлы ақпарат таратып, екі ел арасына сына қағуды көздегені анық.

 Бұған Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаты Дмитрий Гусев «Американың саясаты-бізді көршілерімізбен араздастыру арқылы Ресейге деген жеккөріншіті көзқарас қалыптастыру.

Бұл саясатқа Балтық елдері мен Украина және Қазақстанды тартуды көздеп отыр» деп отқа май құя түсті. Алайда Қазақстан тарапы Ресеймен көршілес, шекаралас ел екендіктерін, Еуразия экономикалық Одағының мүшесі ретінде еліміздің болашағы үшін Ресейден ешқандай қауіп күтпейтіндігін ашық мәлімдеген болатын.

 Мұндай бағытты ұстануымыздың да өз жөні бар. Шетелдік ақпарат арналарының түрлі мәліметтеріне қарамастан ресми Астана Қазақстанның болашағы мен дамуы тікелей Ресеймен байланысты екенін біліп отыр. Жеті мыңға жуық шекара бөліп тұрған, экономикалық байланыстарымыз нық орнаған мемлекеттер ретінде екі тарап үшін қандай да бір дискриминацияға жол бермей, саяси-экономикалық ынтымақтастықта өмір сүру жалғыз тиімді жолдың бірі.

  Әрине, Украина мен Ресей арасында қақтығыс елімізде әсіреұлтшыл топтар үшін де қолайлы болып отырғаны хақ. Ресейді қарамағындағы Орынбор, Омск, Томск, Саратов, Астрахан аймақтарының қазақ еліне тиесілі екенін дәлелдемекші болып отырғандар да баршылық.

Тарихты тағы қопарсаң бұл сөздің де жаны бар болуы мүмкін.

Дегенмен қазіргі таңда бұл қалалар халықаралық құжаттармен бекітілген ресми түрде Ресейдің жері болып табылады. Егер сонау ерте тарихты қозғап, жаулап алған жердің бәрін біздікі десек, әлемнің жартысын жаулаған Шыңғысханның тұқымдары Монғолдарға жерімізді түгел беру керек болады деп Белоруссия Президенті Александр Лукашенко айтқан еді.

Сондықтан да қазіргі әлем тапырық болып жатқан кезде ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, діндерді татулыққа шақырып отырған Қазақстанның сыртқы саясаты көңіл көңшітерлік деңгейде деп айтуға болады. Елдегі ең ушығып тұрған мәселелердің бірі тіл мәселесі.

Отыз жылдан астам уақыт өтсе де қазақ тілі жеткілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың, қызмет көрсетудің, ғылым мен білімнің тіпті саясаттың тіліне айнала алмағаны өкінішті. Бұған қазақ тілін білмеген өзге ұлттарды емес, осы уақытқа дейін қазақ тілінің жалпылай қолданысқа енуіне жағдай жасай алмаған билікті кінәлау керек.

 Жылдан-жылға қазақ жастары шетелге барып ағылшын тілін меңгеріп, маман иесі болып келгенімен елге оралған соң тек орыс тілінде сөйлейтін «эаңа элита» қалыптасқаны шындық. Әр қазағымыз өзінің ана тілін сыйламай, қадірлемей тұрғанда өзгеден талап ету бассыздық.

Мемлекет миллиондаған қаржы бөліп мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашып, арнайы бағдарламалар қабылдап жатса да қазақ тілінің көсегесі жақын болашақта көгере қоймасы анық. Өзіміздің қаракөздерге тісі батпағандар кінәні өзге ұлттардан оның ішінде орыс тілді азаматтардан іздеп, олардың артынан қудалап жүргнені ерлік емес. Бұлай қазақ тілі дамымайды. Біздің елімізде нақты тілге байланысты саяси көзқарас, нақты қадамдар мен әрекеттер жасалмаған. «Сен тимесең, мен тиме» деп үнсіз отырған орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің барлығы алдымен ресми құжатты орыс тілінде әзірлеп, одан кейін қазақ тіліне аударады.

Сондықтан өзімізді түгендеп алмай тұрып, өзгені кінәлау дұрыс емес. Мүның мәнісін білмеген кейбір жастарымыз жершілдік, рушылдық принциптерін алға тартып, бас ал десе шаш алатын әрекеттер жасап жүргені беседен белгілі. Алайда, жанып тұрған шоқты үрлеп, Ресейде жатып алып немесе Қазақстанда тұрып шовинистік көзқарастарын көрсетіп қалып жүргендер де аз емес.

Украиналық блогерлер жүргізетін «makta shou» арнасында Солтүстік өңірлерді мекендеген бірқатар Қазақстан азаматтары өздерінің соғыс болса «Ресей үшін соғысатынын» және «Қазақстанның жерін Ресей сыйға» берген сынды әңгімелер айтып қалуда.

 Әр қайсысы бойынша еліміздің ресми органдары шұғыл әрекет жасап ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабына сәйкес «Ұлтаралық алауыздық тудыру» бабымен соттап жібергендері де бар. Русофобиялық көзқарас қазіргі таңда еліміздің батысы мен оңтүстігінде қалыптасап келеді.

Ал солтүстікті мекендеп күнделікт орыс ұлтымен аралысып отырған қазақтар арасынан бірең-сараң болмаса жаппай белең алған мәселе жоқтың қасы. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де түрлі іс-шаралар өткізіп, жоспарлы және жүйелі түрде жұмысын атқарып келеді.

Ұлтпен ұлыстардың өзара ынтымақтастығы еліміздің болашағына әсер етері сөзсіз. Әр нәрсенің байыбына бара отырып, сабырлық пен тыныштық сақтап, дамыған елдердің озық технологиясын енгізе отырып алға жылжуымыз керек. Соғыстар аяқталар.

Бұлардың барлығы уақытша екенін бәріміз білеміз. Ешкім жеті мыңдық шекарамызды жылжытып, басқа жаққа бұрып қоя алмайды. Жаһандану заманындағы өзгерістерге төтеп бере алатын, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүр-салтымызды дамыта отырып «елім» деген жанашыр ұрпақ тәрбиелеп, оның жемісін көру үшін ең бастысы береке, бірлік керек екені айдан анық.

Асылбек Байжұмаұлы
Бөлісу: