Руслан Желдібай Президент кездесулеріне шолу жасады

20 Қыркүйек 2022, 01:40 1303

Президент АҚШ-қа жасаған сапарының алғашқы күні түске дейін 13 кездесу өткізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Президент АҚШ-қа жасаған сапарының алғашқы күні түске дейін 13 кездесу өткізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі және Америкадағы ірі компаниялардың, зерттеу орталықтарының басшыларымен кездесті. Олардың қатарында Goldman Sachs, Grupo Los Grobo, JPMorgan Chase & Co., Eurasia Group, S&P Global және ЕРАМ systems, Coursera сынды компания өкілдері бар.  Бұл кездесулерде екіжақты ортақ жобалар, кейбір компаниялардың Қазақастанда өндіріс орындарын ашу, мамандарды оқыту және басқа да мәселелер талқыланды - деді ол.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабпен, USAID жетекшісі Саманта Пауэрмен жолықты. 

Шваб мырза Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін кезекті әлемдік экономикалық формуға қатысуға шақырды. Бұдан бөлек, жаһандық консалтинг компаниялардың өкілдерімен, беделді сарапшылармен мазмұнды кездесулер өтті. Президент мамандармен бүгінде әлемде болып жатқан өзгерістер, жаңа трендтер мен қауіп-қатерлер жайында пікір алмасты. Ал түске қарай АҚШ-та IT салада қызмет етіп жүрген қазақ жастарымен жолықты. Digital Nomads қауымдастығы – бүгінде 400-ге жуық жастың басын қосатын іргелі ұйым. Жас мамандар елімізде  IT секторды дамыту жолдарына қатысты өз ұсыныстарын айтты. Президент жерлестерімізге зор табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді, - деді баспасөз хатшысы.

Жұмыс сапарының бағдарламасы тығыз. Түс қайта кездесулер жалғасады. 

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорк уақыты бізден 10 сағат кейін жүреді. Дәл қазір АҚШ-та күндізгі 15 сағат мөлшерінде.

EL.KZ
Бөлісу: