Руслан Желдібай Козачковтың ісіне қатысты пікір білдірді

19 Желтоқсан 2022, 14:27 1519

Руслан Желдібай Козачковтың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті.  Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс, - деді Президенттің баспасөз хатшысы. 

EL.KZ
Бөлісу: