26.09.2022
11:27
2011
Жаңалықтар

Руслан Қоңыров Әскери әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.