20.08.2025
12:08
390
Руслан Берденовке шабуыл жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты

Руслан Берденовке шабуыл жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты

20 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Судья Әбінұр Қарабаев айыпталушы Ернар Жиембайға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сот үкіміне сәйкес, Ернар Жиембай 9 жылға орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол жәбірленушінің пайдасына 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтып, өз әрекеттерін «қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қайта саралауды сұрады. Сондай-ақ, шын жүректен өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.